Тоқаев Эфиопия премьер-министрімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесу өткізді. Кездесу барысында сұхбаттасушылар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективаларын, соның ішінде саяси диалогты кеңейтуді, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды жандандыруды талқылады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

«Біз сіздің еліңізге зор құрметпен қараймыз. Аддис-Абебада тұрақты жұмыс істейтін Елшілігіміз Қазақстанның Африка құрлығындағы алғашқы дипломатиялық өкілдіктерінің бірі болды. Сонымен қатар, Қазақстан Африка Одағында бақылаушы ретінде ұсынылған. Сондықтан біздің Африкаға деген қызығушылығымыз тұрақты. Сіздің еліңізге деген өзгермейтін қызығушылығымызды, сондай-ақ Эфиопиямен қарым-қатынасты дамытуға және нығайтуға деген талпынысымызды атап өткім келеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, өзара сауданы арттыру үшін қолда бар елеулі әлеует іскерлік әріптестікті жандандыруға мүмкіндік береді.

«Сұхбаттасушылар екі елдің делегацияларын сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетпен өзара танысу, сондай-ақ Қазақстанда Эфиопиядан шай, кофе және гүл өнімдерін жеткізу үшін хаб құру перспективаларын зерделеу үшін жіберуге келісті», — деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар