Астанада екі автобус аялдамасы уақытша жабылды. Елордада «Қарталы» және «Ақан Сері» аялдамаларында жолаушыларды отырғызу және түсіру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Қалалық қызметтердің хабарлауынша, автобустардың кіруі мүмкін болмағандықтан, бағдарлар аталған аялдамаларда жолаушыларды уақытша отырғызуды және түсіруді жүзеге асырмайды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағдарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

