АҚШ-та жасанды интеллекттің адамзатты жою ықтималдығы бағаланды

АҚШ-тың Anthropic компаниясының жасанды интеллект бағытының жетекшісі Эван Хьюбингер Х әлеуметтік желісінде жасанды интеллектің алдағы он жылда адамзатты жою ықтималдығы 10% екенін хабарлады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Anthropic зерттеушісі Джейкоб Коксон одан әрі зерттеулер «қайтарылмайтын нүктеге» әкелуі мүмкін деп қауіптеніп, жасанды интеллект индустриясынан кететінін мәлімдеді.

«Джейкоб бұл жерде дұрыс айтады. Біз шынымен де жасанды интеллект бүкіл адамзатты жойып жіберуі мүмкін деп ойлаймыз! Жеке өзім, алдағы он жыл ішінде мұның ықтималдығы 10%-дан асады деп есептеймін», — деп жазды Хьюбингер.

Маман «қайталау арқылы өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде пайда болатын суперинтеллекттер» алаңдаушылық тудыратынын атап өтті.

Ұқсас ақпараттар