Әлем футболындағы басты жеке марапат – 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне 30 үміткердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Үміткерлердің есімдері жүлденің құрылтайшысы France Football журналының тиісті рәсімінде жарияланды. Марапатқа үміткер футболшылардың тізімі: Джуд Беллингем, Пау Кубарси, Марк Кукурелья, Усман Дембеле, Луис Диас, Бруну Фернандеш, Эрлинг Холанд, Габриэл Магальяйнс, Гарри Кейн, Ашраф Хакими, Ламин Ямаль, Хвича Кварацхелия, Маркиньос, Садио Мане, Лаутаро Мартинес, Килиан Мбаппе, Нуну Мендеш, Лионель Месси, Майкл Олисе, Жоау Невеш, Вильям Пачо, Хулиан Киньонес, Деклан Райс, Родри, Фабиан Руис, Ферран Торрес, Вильям Салиба, Деотшанкюль Юпамекано, Винисиус Жуниор, Витинья. Марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді.
«Алтын доп» – француздық France Football журналы жыл сайын күнтізбелік жылдың үздік футболшысына беретін футбол марапаты. Ол футболшы үшін ең беделді жеке марапат саналады. 2025 жылы марапатты париждік «ПСЖ» және Франция құрамасының футболшысы Усман Дембеле жеңіп алды. Месси бұл марапатты сегіз рет алған. Бұған дейін Месси Аргентина құрамасынан кететінін мәлімдеген болатын.

