«Алматы жылу желілері» ЖШС 9-18 қыркүйек аралығында Алматыда жылу маусымы алдында жылу желілеріне соңғы гидравликалық сынақтар жүргізілетінін хабарлады. Жұмыстар күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін жүргізіледі. Сынақтар кезінде судың жер бетіне шығуы және жол жабынының ішінара бүлінуі мүмкін, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Алматы жылу желілері» ЖШС мамандары қауіпті аймақтарға жақындамауды және өз бетінше әрекет жасамауды сұрайды.
Төтенше жағдайлар туралы 109 немесе 351-27-62 нөміріне хабарлаңыз. Көрсетілген аймақтарда ыстық сумен қамтамасыз ету сақталады. Алматы мен облыста 12 қыркүйектен бастап электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы ҚҚС-сыз 1 кВт/сағ үшін 39,30 теңгеге дейін (ҚҚС-пен 1 кВт/сағ үшін 45,59 теңге) көтеріледі.


