Павлодарда жүк көлігінің дөңгелегін жөндеу кезінде шиномонтажшының қаза болу фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Павлодар облысы ПД хабарлауынша, іс еңбекті қорғау талаптарын бұзу фактісі бойынша қозғалған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігіне дөңгелек орнату жұмыстарын жүргізу кезінде оның жарылысы болған. Салдарынан қызметкер ауыр дене жарақаттарын алып, содан қайтыс болды», — делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Басқа мәліметтер жарияланған жоқ. Бұған дейін пабликтерде шиномонтаж қызметкерінің басы жұлынып қалғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Денсаулық сақтау басқармасы 7 қыркүйекте сағат 10:30-да шақыру түскенін хабарлады. Келген дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын растады.

