Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силваны және Бразилия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Құттықтау жеделхатында мемлекет басшысы Қазақстанның Бразилиямен достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға үлкен мән беретінін атап өтті. Тоқаев бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығы екі халықтың игілігі үшін одан әрі дамитынына сенім білдірді. Қазақстан президенті әріптесіне мемлекеттік қызметінде табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.
Бұған дейін Тоқаев Италия премьері Джорджа Мелониді оның үкіметі республика тарихындағы ең ұзақ мерзімді үкімет болғанымен құттықтаған болатын. Оған жауап ретінде Мелони Рим мен Астана екі елдің өсуі мен өркендеуі үшін ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

