7 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі

7 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Sayasatlive.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Күндіз ескерту Павлодар мен Алматыда күшіне енеді.

Түнгі уақытта қолайсыз ауа райы Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Атырау және Астанада болады деп болжанады.

Қолайсыз метеожағдайлар атмосфераның жер беті қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етіп, ауа сапасын нашарлатуы мүмкін.

Ұқсас ақпараттар