БҚО-да мал ұрлығына қатысы бар екі күдікті қамауға алынды

Батыс Қазақстан облысында полицейлер бірқатар мал ұрлығын ашты. Алдын ала мәліметке сәйкес, екі күдікті тоғыз эпизодқа қатысы бар, деп хабарлайды Sayasatlive.kz. 

Құқық қорғау органдары бірнеше ай ішінде бес сиыр мен алты жылқының ұрланғанын анықтады. Жануарлардың бір бөлігі бостан жайылып жүрген жерінен алынған. Жалпы зиян 5 млн 460 мың теңгені құрады. Екі күдікті ұсталды. Сот оларды қамауға алды.

«Қазір полиция олардың басқа да мал ұрлықтарына қатысын тексеріп жатыр. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары ұрланған жануарларды іздестіруде», — деп хабарлады БҚО ПД.

Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін атап өтті.

Ұқсас ақпараттар