Жамбыл облысының 1,6 мыңнан астам тұрғыны жол жүру жеңілдігінен айырылды. 2023 жылдан бастап жолаушылар тасымалына арналған шарттар жасасу кезінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін жол жүруге міндетті 50 пайыздық жеңілдік қарастырылмаған. Бұл ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңының талаптарына қайшы келеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шарттардағы олқылықтарға байланысты 1600-ден астам тұрғын зардап шекті, олардың арасында мүгедектігі бар адамдар, көп балалы аналар және қоғамдық көлікті үнемі пайдаланатын 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер бар.
Қадағалау органы араласқаннан кейін аудан тұрғындарының құқықтары толық қалпына келтірілді, ал кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

