Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты алты танымал автобус бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Өзгерістер 16, 39, 58, 71, 81 және 503 нөмірлі автобустарға қатысты.
Жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлау және қала ішінде жүру кезінде өзгерістерді ескеру сұралады.
Бұған дейін Астанада автобус аялдамаларының атауы өзгертілгені хабарланған болатын.

