Саяси белсенді Әлнұр Ильяшевтің үйінде тінту өтуде. Оның ағасы Қанат Ильяшев «Власть» басылымына таңертең ерте СОБР қызметкерлері бауырының үйіне басып кіргенін, қазір тінту жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
«Сағат 6:37 шамасында әкем қоңырау шалып, Әлнұрға СОБР келгенін айтты. Мен келгенде, ресми полиция көлігі жоқ екенін көрдім, подъезд маңында жедел уәкілдер жүрді, біреуі біреумен сөйлесіп, «бәрі ұқыпты жасалады» деп айтты», – деді ол «Власть» басылымына.
Қанат Ильяшевтің айтуынша, оны ішке кіргізбеген, бірақ ол бәрінің «аман-есен» екеніне көз жеткізген. Сондай-ақ ол бұл жолы полицияның тыныш әрекет етіп жатқанын хабарлады. Алты жыл бұрын белсендінің үйінде де тінту жүргізілген кезде, Әлнұр Ильяшевтің туыстары полицейлердің әрекеттері туралы хабарлаған болатын. Белсендінің үйіндегі тінту қандай қылмыстық іс аясында өтіп жатқаны әзірге белгісіз.
Қанат Ильяшевке полиция қызметкерлері ешқандай ақпарат бермеген, бірақ Әлнұрды жауап алуға алып кететінін хабарлаған.


