Алматыда 16 қабатты үйдің 100-ге жуық тұрғыны паркингтегі өртке байланысты эвакуацияланды. Олардың арасында 19 бала бар, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Өрт Бостандық ауданындағы Абай даңғылы бойындағы тұрғын үй кешенінің жерасты паркингінде болды. Өрттің ауданы 5 шаршы метрді құрады. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері хабарлама түскеннен кейін бес минуттан соң оқиға орнына жетті. Құтқарушылар тұрғындарды баспалдақ арқылы эвакуациялады.
Өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

