Қазақстанда бірқатар министрлік пен Үкімет құрамында кадрлық өзгерістер болды. Кейбір министрлер өз қызметінде қалса, бірнеше ведомствоға жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бірқатар министр өз қызметін сақтап қалды
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев лауазымында қалды. Ол бұл қызметке 2025 жылғы 30 маусымда тағайындалған болатын.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев та өз қызметін жалғастырады. Ол ведомство басшысы қызметіне 2025 жылғы 9 қаңтарда келген.
Сонымен қатар мына министрлер де өз лауазымдарын сақтап қалды:
- Ерсайын Нағаспаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
- Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі;
- Жұлдыз Сүлейменова – Оқу-ағарту министрі;
- Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі;
-
Ақмарал Әлназарова – денсаулық сақтау министрі лауазымына қайта тағайындалды;
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындау үшін Саясат Нұрбектің кандидатурасы келісілді.
Құрылтайдың салалық комитеті ҚР Туризм және спорт министрінің кандидатурасына да келісім берді.
Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындау үшін Ербол Мырзабосыновтың кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне жаңа басшы келді
Төтенше жағдайлар министрі қызметіне Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов тағайындалды.
Бұған дейін ол Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
Мұханов бұл лауазымда 2024 жылғы 6 ақпаннан бері отырған Шыңғыс Әріновті алмастырды.
Сонымен қатар, Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі ауысты. Бұған дейін Құрылтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Арман Қырықбаевтың кандидатурасын мақұлдап, оны Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы оң қорытынды шығарған еді.
Үкімет құрамында да өзгерістер бар
Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ал Мәди Тәкиев Қаржы министрі лауазымында қалды.
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Жаслан Хасенұлы Мәдиев Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне келді.
Серік Мақашұлы Жұманғарин Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.
Қорғаныс және Ішкі істер министрлері де қалды
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те өз қызметтерін жалғастырады.
Осылайша, Үкімет құрамындағы бірқатар негізгі тұлға орнында қалғанымен, кейбір жоғары лауазымдарда өзгерістер болды.

