Сәрсенбі күні кешке Еуропада газдың биржалық бағасы қайта өсіп, мың текше метр үшін 881 долларға дейін, яғни 2%-ға жуық көтерілді, деп Sayasatlive.kz «Прайм» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
TTF индексі бойынша (Еуропадағы ең ірі тарату орталығы, Нидерландыда орналасқан) қазан айындағы (жақын) фьючерстер сауданы 885,9 доллар (+2,3%) деңгейінде ашты. Қазіргі уақытта бағаның ең жоғары көрсеткіші 902,5 долларды (+4,2%), ең төменгі көрсеткіші 860,3 долларды (-0,7%) құрады. Қазақстан уақытымен сағат 00.00-де көрсеткіш 880,6 доллар (+1,6%) болды.
Баға белгілеу динамикасы алдыңғы сауда күнінің есеп айырысу бағасынан – мың текше метр үшін 866,3 доллардан келтірілген. Сәрсенбіде Еуропада газ бағасы 2022 жылғы 30 желтоқсаннан бері алғаш рет 900 доллардан асты.

