Қазақстанның үш қаласының тұрғындарына қолайсыз метеожағдайлар туралы ескертілді

«Қазгидромет» РМК-ның 2026 жылғы 29 тамызға арналған болжамы бойынша, Қазақстанның үш қаласында: Алматы, Ақтөбе және түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бұл өңірлерде метеофакторлар (тымық, әлсіз жел және инверсия) зиянды шығарындыларды атмосфераның жерге жақын қабатында ұстап қалады, соның салдарынан ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Қолайсыз метеожағдайлар — атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ туындаған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін, бұл адамдардың денсаулығына әсер етеді. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы. Бұған дейін «Курсив» Қазақстанда тамыз айының соңғы күндері мен қыркүйек айының басы ауа райының өзгеруін әкелетінін хабарлаған болатын.

«Қазгидромет» болжамы бойынша, еліміздің солтүстігі мен шығысында жаңбыр қарлы жаңбырға ұласып, түнде температура кей жерлерде 1-3 градусқа дейін төмендейді. Бұл ретте оңтүстік пен оңтүстік-шығыста әлі де +37 градусқа дейін ыстық сақталады.

Ұқсас ақпараттар