Алматыда кафе өртеніп, салдарынан құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады. Алматы ТЖД Розыбакиев көшесіндегі кафе ғимаратында өрт болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Құтқарушылар оқиға орнына келгенде, екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафедегі ас үй бөлмесінде төбе жабыны мен стеллаждардың жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің бірнеше буыны жұмылдырылды, делінген ведомство хабарламасында. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу ұсынылады.

