Дания премьер-министрі Метте Фредериксен өзінің Instagram парақшасында сыртқы келбетін сынаған көптеген хабарламалар алатынын хабарлады, деп жазады Sayasatlive.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Ол осы әлеуметтік желіде өзін пластикалық хирург ретінде таныстырған қолданушының хат алмасу скриншотын жариялады. Ол саясаткерге мұрнындағы кішкентай дақты түзетуді ұсынды. Фредериксен өзінің денесіне риза екенін және оған ер пластикалық хирургтың пікірі қажет емес екенін айтты.
«Осы уақыт ішінде сыртқы келбетіме қатысты қанша хабарлама алғанымды санай алмаймын. Әсіресе, тістерімнің әдемі емес екені және шашымның жұқа екені туралы. Мұрнымда әдемі емес «сүйел» бар екені туралы», — деп жазды премьер. Саясаткер адамдар оған ботокс курсын жасауға кеңес беретінін де қосты.

