Конгода Эбола безгегіне шалдыққандар саны 5 515-ке жетті

Конго Денсаулық сақтау министрлігі Эбола безгегіне шалдығу жағдайларының саны 5 515-ке жеткенін хабарлады. Өткен тәулікте 51 жаңа жағдай анықталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Қайтыс болғандар саны — 2 642. Өлім-жітім 47,9% құрайды, деп хабарлайды ТАСС. Сондай-ақ, дәрігерлер ауруханалар мен медициналық изоляторларда Эболаға күдікті 700-ден астам адамның бар екенін мәлімдеді. Эболамен ауырғандардың байланыстарын қадағалау деңгейі 85,5% құрайды. Бұған дейін Конгода 5 021 ауру жағдайы тіркелген болатын. Қайтыс болғандар саны 2 378 адамға жетті. Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегінің өршуі мамыр айының ортасында, елде төтенше жағдай жарияланған кезде белгілі болды. Себебі Bundibugyo атауымен сирек кездесетін штамм болды.

Ұқсас ақпараттар