Ауа райы: 31 шілдеде найзағай, бұршақ, дауыл мен аптап ыстық күтіледі

Төтенше жағдайлар министрлігі 31 шілде күні ауа райы бұзылып, ел аумағында найзағай, бұршақ, дауыл мен аптап ыстық күтілетінін ескертті деп хабарлайды sayasatlive.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі дерегінше, республикамыздың көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай соғады, жел күшейіп, кей өңірлерде бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

Оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл қаупі бар. Шығыс Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райы қатты ыстық болады. Бірқатар облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

Астана қаласында: көшпелі бұлт, өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл. Таңертең тұман түсіп, күндіз жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14 °C, күндіз +22…+24 °C.

Алматы қаласында: күндіз жаңбыр жауып, найзағай соғады. Жел екпіні кей кезде секундына 18 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +20…+22 °C, күндіз +30…+32 °C.

Шымкент қаласында: жауын-шашынсыз, ашық ауа райы. Жел секундына 8–13 метр. Ауа температурасы түнде +18…+20 °C, күндіз +34…+36 °C.

Ұқсас ақпараттар