24 тамызда Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, күндіз Ақтөбе қаласында, ал түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Мамандар Алматы қаласын да тізімге қосты.
Бұл қалалардың тұрғындарына күнді жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеру және мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт болмау ұсынылады.

