Qarmet металлургия комбинатында сайлау учаскелері жұмыс істей бастады

Qarmet металлургия комбинатында сайлау учаскелері жұмыс істей бастады. Бүгін, 23 тамыз күні, таңғы сағат 6:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні дәстүрлі түрде орындалғаннан кейін Qarmet металлургия комбинатының аумағында екі сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Комбинаттағы өндіріс бір минутқа да тоқтамайды. Бүгінде ауысымда бір мезгілде 4 700-ге жуық металлург – болат балқытушылар, прокатшылар, энергетиктер, жөндеушілер және басқа да өндірістік бөлімшелердің өкілдері жұмыс істеп жатыр.

«Дауыс беруге қатысу – біздің азаматтық борышымыз және елдің болашағы үшін жауапкершілігіміз. Біз өз жұмысымызға жауап беруге үйренгенбіз және Қазақстанның одан әрі дамуына байланысты таңдауға да осылай жауапкершілікпен қарауды маңызды деп санаймыз», – дейді металлургтер.

Дауыс беруге Qarmet шахтерлері де белсенді қатысуда. Олар өз дауыстарын шахтерлік аймақтың қалаларындағы сайлау учаскелерінде береді. Үздіксіз өндіріс қызметкерлері кәсіпорын аумағынан шықпай-ақ өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыруы үшін Qarmet басшылығы екі учаскенің жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайды жасады. Дауыс беру кәсіпорынның ауысымдық жұмыс кестесін ескере отырып, күні бойы өтеді. Qarmet үшін бұл 23 тамызда өз жұмыс орындарында болып, елдегі ең ірі металлургия кәсіпорнының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін мыңдаған адамға дауыс беруге мүмкіндік беру.

Ұқсас ақпараттар