Мүлік салығы: жеңілдіктер ескерілмесе не істеу керек?

Мемлекеттік кірістер комитеті жекелеген азаматтар санаты үшін жеңілдіктер қарастырылғанын, ал кейбір меншік иелері салықтан толық босатылғанын еске салды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Атап айтқанда, жалғыз тұратын зейнеткерлер үшін жылжымайтын мүлік құнынан 1000 АЕК (бұл шамамен 4 миллион теңге) шегеріледі, ал ардагерлер мен мүгедектігі бар адамдар үшін жеңілдік 1500 АЕК-ке (яғни шамамен 6 миллион теңгеге) жетеді. Биылғы жылы мүлік салығы бойынша жеңілдіктерді барлығы 700 мыңға жуық қазақстандық пайдаланады.

«Егер салық толық көлемде есептелген болса, онда оны төлегенге дейін жалғыз тұратын зейнеткерлер тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгініп, көрсетілген мекенжайда жалғыз тұратыны туралы анықтама алуы қажет. Осы анықтаманы ұсынғаннан кейін оларға салық заңнамасында белгіленген мөлшерде жеңілдік берілуі мүмкін», — деді Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Жандос Таубаев.

Егер жеңілдік ескерілмесе және хабарламада толық сома көрсетілсе, онда жылжымайтын мүлік орналасқан жердегі мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну қажет. Онда жеңілдік құқығын растайтын құжатты көрсету керек болады. Тек содан кейін ғана салық қайта есептелуі тиіс. Өткен жыл үшін есептелген соманы биылғы жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажет. Егер бұл уақытында жасалмаса, өсімпұл есептеле бастайды, ал берешек болған жағдайда салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алуға көше алады.

Ұқсас ақпараттар