Шарын ұлттық паркінде фототұзақтарға сирек кездесетін түркістан сілеусіні түсіп қалды

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзақтар сирек кездесетін Қызыл кітапқа енген түркістан сілеусінін түсіріп алды, Sayasatlive.kz.

Ұлттық парктің қызметкерлері атап өткендей, сілеусін – табиғи ортада сирек кездесетін сақ жыртқыш. Сондықтан мұндай кадрлар мамандар үшін айрықша қызығушылық тудырады.

Фототұзақтар жануарларды мазаламай бақылауға және олардың табиғи ортадағы өмірі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Түркістан сілеусіні Орталық Азияның таулы аймақтары мен орман алқаптарында мекендейді.

Бұл жыртқышқа аң аулауға 1976 жылдан бастап тыйым салынған.

Ұқсас ақпараттар