АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның осы шақта Иранмен келіссөздер жүргізбейтінін және жақын арада оларды бастауды жоспарламайтынын хабарлады. Тиісті мәлімдемені америкалық лидер өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Трамптың айтуынша, Иранның теңіз блокадасы әлі де жалғасуда, бұл ретте Ормуз бұғазы кеме қатынасы үшін ашық.
«Иран Ислам Республикасымен қазір ешқандай келіссөздер немесе талқылаулар жүргізілмейді және жоспарланбаған. Теңіз блокадасы күшінде қалады. Ормуз бұғазы ашық және жұмыс істеп тұр», — деп жазды АҚШ президенті.
Трамп сонымен қатар бұғаз аумағындағы барлық теңіз миналары залалсыздандырылғанын немесе жойылғанын мәлімдеді. Бұған дейін америкалық президент Truth Social желісінде Ормуз бұғазының картасын «АҚШ-тың жаңа аумағы» деген жазумен жариялаған болатын. Осылайша, Трамп екі ел арасындағы жалғасып жатқан текетірес аясында Вашингтонның Тегеранға қатысты ұстанымын растады.


