АҚШ Халықаралық қылмыстық соттың төрағасына санкция салды

АҚШ Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) төрағасы Томоко Аканэге қарсы санкция енгізді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

АҚШ Қаржы министрлігінің хабарламасында:

“Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) санкциялық тізіміне келесі тұлғалар енгізілді: Томоко Аканэ», — делінген.

Бұдан бөлек, АҚШ-тың санкциялық тізіміне ХҚС өкілі Абдулай Сей де енді. Шілде айында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Вашингтон ХҚС-ны заңсыз ұйым деп санайтынын мәлімдеді. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы АҚШ ұйымды «тәртіпке келтіру» үшін қадамдар жасай бастағанын қосты.

Ұқсас ақпараттар