АҚШ пен Иран бітімді ұзартты

АҚШ пен Иран 60 күндік атысты тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.

«Иран мен АҚШ арасындағы 60 күндік бітімді ұзартуға келісім туралы ақпарат келіп түсті», — делінген хабарламада.

Маусым айында АҚШ пен Иран соғысты тоқтату туралы Исламабад өзара түсіністік меморандумына қол қойған болатын.

Құжат соғыс қимылдарын аяқтау үдерісін ресімдеп, келісімнің соңғы шарттарын келісу үшін 60 күндік мерзім белгіледі. Белгіленген мерзім дүйсенбі, 17 тамызда аяқталды.

Ұқсас ақпараттар