Эльбрусқа көтерілген сегіз турист жоғалып кетті

Ресейдің Қабарда-Балқариясындағы Эльбрус тауына шыққан сегіз турист жоғалып кетті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, альпинистер белгіленген уақытта байланысқа шықпаған. Агенттіктің мәліметінше, топтың жоғалғаны туралы ақпарат құтқарушыларға 17 тамыз кешінде түскен. Осыдан кейін мамандар Эльбрус баурайында іздестіру жұмыстарын бастады. Топ мүшелерінің арасында 14 жасар жасөспірім бар. Ресейлік БАҚ нақтылағандай, туристер Севастопольден келген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, топ сегіз адамнан тұрған және көтерілу кезінде белгіленген уақытта байланысқа шықпаған. Құтқарушылар альпинистердің болжамды бағытын тексеруде.

Туристердің жағдайы мен байланыстың үзілу себептері туралы әзірге ақпарат жоқ. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда.

Ұқсас ақпараттар