Қазақстанда мәдениет және өнер саласында жаңа мемлекеттік наградалар тағайындалды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
«Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан Жаңа Конституцияда ұлттық мәдениетті жан-жақты қолдау мемлекеттің негізгі қағидаты ретінде жоғары құқықтық деңгейде бекітілген. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалін және «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады», — деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Бұл құрметті наградалар ұлттық мәдениеттің, оның ішінде музыка және бейнелеу өнері саласының дамуына зор үлес қосқан қазақстандықтарға беріледі. Астанада Шәмшінің әндерімен ерекше перформанс өтті.

