Британияда жолаушылар пойызы тағы да рельстен шығып кетті

The Guardian мәліметінше, Британияда жолаушылар пойызы тағы да рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бұл осыған ұқсас оқиғадан кейін бір тәулік өтпей қайталанған. Британдық көлік полициясының ақпаратына сәйкес, оқиға Лондон маңындағы Эссекс графтығындағы Уикфорд қаласының жанында болған.

«Пойыздың артқы вагондары рельстен шығып кеткенімен, тік күйінде қалды. Зардап шеккендер туралы хабарлама түскен жоқ», — делінген материалда.

Осы шақта көлік полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бір күн бұрын Британияның оңтүстік-шығысындағы Шығыс Суссекс графтығындағы Льюис станциясының жанында жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен болатын. Үш вагон аударылып қалды. Екі адам ауыр жарақат алса, тағы тоғыз адам жеңіл жарақат алды.

Науқастар тексеріліп, оларға сол жерде көмек көрсетілді. Кейбіреулері одан әрі емделу үшін жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

Ұқсас ақпараттар