Жетісу облысы Ескелді ауданындағы Қора өзенінен екі ер адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Күндіз ер адамдар өзеннен өз бетінше өткен, бірақ кейін су деңгейі көтеріліп, кері қайта алмаған.
«Құтқарушылар оларды өзеннің арғы бетіне қауіпсіз өткізді. Ер адамдарға медициналық көмек қажет емес», — деді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомство демалушыларға табиғатта қауіпсіздік шараларын сақтауды, өтуі қиын жерлерден аулақ болуды, ал төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін еске салды.

