Қонаевта құтқарушылар 18 баласы бар автобусты балшықтан шығарды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Қонаевтың солтүстік жағалауында, «Лазурный берег» демалыс аймағына жақын жерде жолаушылар автобусы балшыққа батып, өздігінен қозғалысын жалғастыра алмаған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Автобуста 27 адам, оның ішінде 18 бала болған. Көмек көрсету үшін оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жіберілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары автобусты балшықты жерден жедел шығарып алды, содан кейін көлік қозғалысын жалғастыра алды. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.

Ұқсас ақпараттар