10.12.2025

Таиланд F-16 ұшағымен Камбоджаға соққы жасады

Таиланд пен Камбоджа арасындағы шекара маңында әскери қақтығыс ушығып, Таиланд F-16 жойғыш ұшағын әуеге көтеріп, Камбоджаның әскери нысандарына әуе шабуылын жасады деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Шабуыл бірнеше күн бойы жалғасқан артиллериялық атыстардан кейін іске асқан. Reuters дерегінше, қақтығыс салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, ондаған бейбіт тұрғын жараланған. Сондай-ақ шекара маңындағы 86 ауылдан 40 мыңға жуық адам эвакуацияланды.

Таиланд Камбоджаға шекарасын жауып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап етті. Ал Камбоджа Таиланд әрекетін «агрессия» деп бағалап отыр. Екі ел де бір-бірін шабуылды бірінші бастады деп айыптауда.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар