Андраш Баку Венгрияның жаңа президенті болып сайланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Nepszava газетінің хабарлауынша, Венгрия парламенті жасырын дауыс беру арқылы 73 жастағы Андраш Бакуді Венгрия Республикасының жаңа президенті етіп сайлады.
Оның кандидатурасын 140 парламентарий қолдап дауыс берсе, 6-уы қарсы болды. Қалыс қалғандар жоқ. Венгрияның жаңа президенті 19 тамызда қызметіне кіріседі.
Оған дейін президент міндетін парламент спикері Агнес Форстхоффер атқарады.


