10.12.2025

Алакөлде жоғалған балаларды полицейлер 5 минутта тапты

Алакөл жағажайында ата-анасынан көз жазып қалған балаларды туристік полиция 5 минут ішінде тауып, отбасына қайтарды. Дереу әрекет еткен тәртіп сақшылары төтенше жағдайдың ушығуына жол бермеді деп хабарлайды sayasatlive.kz.

Балалардың жоғалғаны туралы хабарды алған бойда полицейлер жағажайды түгел шолып шығып, балаларды сол маңнан аман-есен тапқан. Олар ешқандай зардап шекпеген.

Қазір Алакөл жағалауында полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, мұндай төтенше жағдайлардың алдын алуға ерекше көңіл бөлуде. Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларға мұқият болуға және оларды көпшілік орындарда қараусыз қалдырмауға шақырады.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар