Қазақстанда құрылыс материалдарының өндірісі 70%-дан асты

Қазақстандық құрылыс материалдарын өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 70%-дан асты. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады, биыл саланың дамуына 202,2 млрд теңге бөлінетінін атап өтті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ведомствоның мәліметінше, құрылыс саласы Қазақстанның ЖІӨ-нің 6%-ын құрайды. Елдегі құрылыс жұмыстарының көлемі жарты жылда 4,1 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға артық. 2025 жылы көрсеткіш 10,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға өсті. Сала дамуының маңызды кезеңі Құрылыс кодексінің күшіне енуі болды. Жаңа нормаларда объектілерді пайдаланудың кепілдік мерзімдерін ұлғайту, жобалау кезінде сейсмикалық тәуекелдерді міндетті түрде ескеру, құрылыс ұйымдарын цифрлық бақылау, сондай-ақ бұзушылықтарға жедел ден қою қарастырылған.

Министрлік нарықтың құрылыс материалдарына деген қажеттілігін 3 мыңнан астам кәсіпорын қамтамасыз ететінін қосты.

«Ағымдағы жылы 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, бұл 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», — деп нақтылады Өнеркәсіп министрлігі.

Сонымен қатар, салада 380 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Құрылысшылардың, сәулетшілердің, жобалаушылардың және инженерлердің жұмысының арқасында Қазақстанның заманауи келбетін қалыптастыратын ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Ұқсас ақпараттар