Алматы тауларында жоғалған екі жасөспірім табылды

Медеу ауданындағы Бутаков сарқырамасының маңында 2008 жылы туған екі жасөспірім тауға шығып, қараңғы түскен соң туристік бағдардан адасып кеткеннен кейін іздестіру операциясы басталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының қызметкерлері балаларды тауып, оларды экопостқа дейін жеткізіп, ата-аналарына тапсырды.

Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Мамандар тауға шығар алдында бағдарды алдын ала жоспарлау, қараңғы түскенге дейін қайту уақытын есептеу, ауа райы болжамын қадағалау және жақындарына өз жоспарлары туралы міндетті түрде хабарлау маңызды екенін еске салады.

Ұқсас ақпараттар