10.12.2025

Ұлытау облысында қаржылық пирамида ұйымдастырған тұрғын 5 жылға сотталды

Жезқазған қалалық соты 22 адамға 27 миллион теңге шығын келтірген қаржылық пирамида ісі бойынша қала тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, 2024 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін ол компания кеңсесінде кездесулер өткізіп, жаңа қатысушыларды тіркеген. Telegram арқылы үгіт жүргізіп, электронды валюта мен бонус уәделері арқылы азаматтарды жүйеге тартуға тырысқан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Прокуратура тұрғындарға мұндай схемалардан сақ болуды, компаниялардың қаржылық қызметі мен лицензиясын тексеруді ескертті.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар