10.12.2025

Қазақстанда 360 мың шетелдік жұмыс істеп жүр

Биылғы мәлімет бойынша, Қазақстанда уақытша тұрып жатқан 430 мың шетелдіктің 360 мыңы еңбек ету мақсатында келген деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Бауыржан Аленовтың Үкіметте жасаған баяндамасы бойынша, қалғандарының 17 мыңы отбасымен қосылу, 8 мыңы білім алу, ал 44 мыңы өзге мақсаттармен елде жүр.

Министрлік еңбек көші-қонының заңдылығын бақылау үшін 2 мыңнан астам жұмыс берушіні әкімшілік жауапқа тартқан.

Сонымен қатар, көші-қон ережесін жүйелі бұзғандарға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Ведомство шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануға қарсы шараларды күшейтіп жатыр.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар