Үндістанның Faize Noore Oliya жүк кемесі Йеменнің аумақтық сулары маңында шабуылға ұшырап, батып кетті. Бұл туралы Үндістанның кеме қатынасы министрі Сарбананда Соновал өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады Sayasatlive.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Йеменнің жағалау күзеті Қызыл теңізде миналанған қайықтың шабуылына ұшыраған үнділік жүк кемесінің экипажын құтқарды. «Экипаждың барлық 14 мүшесі (оның ішінде 13 үндістандық) Йеменнің жағалау күзеті құтқарды», — деп жазды ол.
Қазіргі уақытта экипаж мүшелері Моха портында. Үндістан кемеге жасалған шабуылды айыптады.

