«Алатау жарық компаниясы» (АЖК) Алматы тұрғындарына 3-7 тамыз аралығында электр энергиясының жоспарлы түрде сөндірілетінін хабарлады. Бұл желілерде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және ақауларды жою үшін жасалады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
3 тамыз (дүйсенбі) күні Ақжар, Айгерім-1, Жаңа, Самғау, Тастыбұлақ, Теректі, Түркістан, Шапағат, Шаңырақ-2 шағынаудандары, сондай-ақ 4-шағынаудан жарықсыз қалады.
Сейфуллин даңғылы, 434, 422, Жібек Жолы көшесі, 127, Мәуленов көшесі, 29, Мақатаев көшесі, 130, Наурызбай батыр көшесі, 23;
Жандосов – Тұрғыт Озал – Сәтбаев – Түркебаев көшелерінің квадраты; Бөгенбай батыр – Аносов – Төле би – Бруно көшелерінің квадраты;
Абай – Панфилов – Құрманғазы – Байсейітова көшелерінің квадраты; Абай – Қашғар – Құрманғазы – Байтұрсынов көшелерінің квадраты;
Бұқар жырау бульвары, Сәтбаев көшесі, Желтоқсан көшесі, Назарбаев даңғылы;
Толстой, Разин, Саурынбаев, Чкалов, Буденный, Сүлейменов, Ладыгин, Чернов көшелеріндегі және Көк-Төбе шағынауданындағы жеке секторда жарық болмайды. 4 тамыз (сейсенбі) күні Ақжар, Ақсай-2, Айгерім-1, Алғабас, Қайрат, Көк Қайнар, Маяк, Самғау, Самал-1 (44-үй), Тастыбұлақ, Ұлжан-2 шағынаудандарында жарық болмайды.
Абай – Прокофьев – Есенжанов – Жемчужная көшелерінің квадраты;
Абай – Әуезов қиылысы; Абай – Байтұрсынов – Құрманғазы – Шарипов көшелерінің квадраты;
Әйтеке би – Байзақов – Гоголь – Чокин көшелерінің квадраты;
Әл-Фараби даңғылы – Марков – Шолом Алейхем – Бальзак – Нахимов көшелерінің квадраты;
Ақмола, Күдерин, Гёте, Сейфуллин, Рудаки, Нүсіпбеков, Жангелдин көшелерінде жарық сөндіріледі.
5 тамыз (сәрсенбі) күні Ақжар, Айгерім-1, Алатау, Қалқаман-2, Қарағайлы, Қарасу, Ожет, Тастыбұлақ, Ұлжан-2, Шаңырақ-1, Шаңырақ-2 шағынаудандарында, сондай-ақ 2-шағынауданда жарық болмайды.
Шәкәрім – Тұрғыт Озал – Құлымбетов – Түркебаев көшелерінің квадраты;
Жамбыл – Шағабутдинов – Қабанбай батыр – Мұратбаев көшелерінің квадраты;
Қазыбек би – Шарипов қиылысы; Мыңбаев – Айтиев – Абай – Әуезов көшелерінің квадраты;
Әл-Фараби даңғылы, 73, 73/7, 73/2; Сүйінбай, Грибоедов, Жібек жолы, Барибаев, Мақатаев, Рүстемов көшелерінде және Көк-Төбе шағынауданында жарық сөндіріледі.
6 тамыз (бейсенбі) күні Ақжар, Айгерім, Алғабас, Алтай-2, Қалқаман-2, Көк-Төбе-2, Ожет, Самғау, Тастыбұлақ шағынаудандарында жарық болмайды.
Жандосов – Тұрғыт Озал – Сәтбаев – Түркебаев көшелерінің квадраты;
Абай – Мұқанов – Құрманғазы – Байзақов көшелерінің квадраты;
Бөгенбай батыр – Досмұхамедов – Төле би – Шарипов көшелерінің квадраты;
Сәтбаев – Тілендиев – Абай – Варламов көшелерінің квадраты;
Байышев, Жангелдин, Ақан Сері, Сейфуллин, Бальзак, Абдуллиндер, Жібек жолы, Қалдаяқов, Мақатаев көшелерінде, Райымбек даңғылында, Сүлейменов көшесінде жарық сөндіріледі. 7 тамыз (жұма) күні Ақжар, Айгерім-1, Ерменсай, Қалқаман-2, Қарағайлы, Көк-Төбе, Ожет, Тастыбұлақ шағынаудандарында жарық болмайды.
Шәкәрім – Тұрғыт Озал – Құлымбетов – Түркебаев көшелерінің квадраты;
Жандосов – Әуезов – Сәтбаев – Клочков көшелерінің квадраты;
Шәкәрім – Маршак – Құлымбетов – Брусиловский көшелерінің квадраты; Сәтбаев – Брусиловский – Абай – Тілендиев көшелерінің квадраты;
Бұқар жырау бульвары – Әуезов көшесі – Жароков көшесі – Жандосов көшесінің квадраты;
Натаров, Есенов, Бартольд, Бұқтырма көшелерінде, Достық даңғылында, Қаскелең, Шамалған, Ақсай көшелерінде, сондай-ақ Орманов көшесіндегі коммерциялық объектілерде («Тартып» АҚ және «Алматы Қала Жарық» ЖШС қоса алғанда) жарық сөндіріледі. Шектеулер күн сайын күндізгі уақытта, негізінен сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін енгізіледі. Орташа есеппен жұмыстар 1,5-2 сағатқа созылады.


