Алматы тауларында екі жасөспірім табылды

Алматыда құтқарушылар тауға өз бетінше шығып, қайтып оралмаған екі жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Дабыл түскеннен кейін қалалық құтқару қызметінің қызметкерлері іздестіру-құтқару операциясын бастады. Олар таулы жердің ерекшеліктерін ескере отырып, жасөспірімдердің болжамды бағдарын тексерді. Жасөспірімдер Қарасай ауданындағы Турист шыңы маңынан табылды.

Олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды, медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шықпас бұрын бағдарды алдын ала жоспарлау, жақындарына болжамды қайту уақытын хабарлау, қуатталған телефонды алу және ауа райы жағдайын ескеру қажеттігін еске салды.

Ұқсас ақпараттар