Шекара маңында 450 метрлік тоннель қазып, жанармай өткізген топтың әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы sayasatlive.kz хабарлайды.
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері Өзбекстан құқық қорғау органдарының көмегімен халықаралық қылмыстық топты анықтады. Тергеу барысында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасына жақын жерде 450 метрлік жерасты тоннелі қазылғаны белгілі болды.
Қылмыстық схема екі ай бойы жұмыс істеп, шетелден қаржыландырылған жанармай өнімдерін жасырын тасымалдауға арналған логистикалық арна құрылған. Операция барысында Өзбекстан тарапынан да дәл осындай шаралар жүргізілген.
Нәтижесінде барлық қатысушылар анықталып, Қазақстанның 5 азаматы күдікті ретінде танылды. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.