1 тамызда Қазақстанның бес қаласында ауа ластанады

1 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты Қазақстанның бес қаласында ауаның ластануы жоғары болады деп күтілуде, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы мен Балқашта, ал түнде Қарағанды, Жезқазған және Теміртауда болжанады. Мұндай жағдайлар желсіздік, әлсіз жел, тұман немесе температуралық инверсияның үйлесуі кезінде туындайды. Бұл факторлар ластаушы заттардың жер бетіне жақын ауа қабатында жиналуына ықпал етеді. Тұрғындарға көшеде болу уақытын қысқарту, әсіресе автомобиль жолдары мен басқа да ластау көздерінің жанында болмау ұсынылады.

Өкпе, жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары және аллергиясы бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге алып жүруге кеңес беріледі.

Ұқсас ақпараттар