Қазақстандықтарды алдағы күндері қандай ауа райы күтіп тұр?

Қазақстандықтарға найзағай, бұршақ және +44 градусқа дейінгі ыстық болатыны ескертілді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

«Қазгидромет» болжамынша, еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтіледі, кей жерлерде қатты нөсер жауады, бұршақ пен дауылды жел болуы мүмкін. Бұл ретте оңтүстікте ыстық сақталады, ал жекелеген аймақтарда температура +44 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктердің дерегінше, еліміздің шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, ал Түркістан облысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Ең жоғары температура Қызылорда облысында — +44 градусқа дейін болжанады. Түркістан және Маңғыстау облыстарында ауа +42 градусқа дейін, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында +41 градусқа дейін қызады.

Атырау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында +35…+38 градусқа дейін ыстық күтіледі. Астанада күндіз термометр бағандары +35 градусқа дейін көтеріледі. Ыстыққа байланысты көптеген аймақтарда жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады. Ең күрделі жағдай Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының жекелеген аудандарында күтіледі. Іс жүзінде бүкіл ел бойынша дауылды ескертулер жарияланды.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ, дауыл және желдің екпіні 23 м/с дейін болжанады. Павлодар облысында да найзағай мен бұршақ күтіледі, Атырау және Маңғыстау облыстарында найзағай желдің күшеюімен, ал Түркістан облысында екпіні 28 м/с жетуі мүмкін.

Ұқсас ақпараттар