Toyota Camry көлігін басқарған 22 жастағы жүргізуші жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялағаны үшін ұсталды деп хабарлайды sayasatlive.kz.
Жүргізуші бір апта ішінде жылдамдықты шамадан тыс асырып, қарсы бағытқа шығып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, рұқсат етілмеген маневр жасап, қауіпсіздік белдігін тақпай және көлік жүргізу кезінде телефон қолданғаны анықталды. Барлық әрекетті әдейі бейнежазбаға түсіріп, жариялаған.
Сондай-ақ көліктің алдыңғы мемлекеттік нөмірі болмаған, орнына тыйым салынған жарық шамдары орнатылыпты. Құқық бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.