Көкшетауда автожуу орындарының бірінде жұмыс істеп жүрген 18 жастағы жұмысшыны ток соғып, қаза тапты. Оның кәмелетке толмаған әріптесі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жазатайым оқиға металл конструкцияны бөлшектеу кезінде болған. Жұмысшылар электр желісін кездейсоқ іліп кетіп, содан кейін оларды ток соққан. Алған жарақаттарынан 18 жастағы жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Жанында болған жасөспірім шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің бастапқыда реанимация бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болғанын хабарлады.
«Пациенттің жағдайы тұрақты, өміріне тікелей қауіп жоқ. Бірнеше сағат бойы ол динамикалық бақылау және жағдайды мониторингтеу үшін реанимация бөлімінде болды. Қазіргі уақытта толық көлемде медициналық көмек алуда», – деп хабарлады ведомстводан.
Оқиға бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

