10.12.2025

Қарағандылық кәсіпкер Алика Мұхамадиева уақытша қамауға алынды

Кәсіпкер әрі блогер Алика Мұхамадиева ұлтаралық араздық қоздыру күдігі бойынша уақытша ұстау изоляторына жеткізілді деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ол әлеуметтік желілерде alika_augustova деген атпен танымал. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Ақпарат әлеуметтік желілер мен бірнеше Telegram арнада жарияланды.

Бұған Threads желісіндегі жазбалар себеп болған. Онда Мұхамадиева қазақ тілін менсінбейтін пікір жазып, жұрттың наразылығына тап болды. Сонымен қатар, «Қазақстан несімен танымал?» деген сұраққа «мамбетами» деп жауап бергені де қолданушылардың ашуын туғызды. Кәсіпкер кейін Instagram парақшасында Stories арқылы кешірім сұрауға тырысты.

Әлеуметтік желіде жағдай әлі де кең талқыланып жатыр. Құқық қорғау органдары бұл іске қатысты ресми түсініктеме бермеді.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар