Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 шілдеде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Sayasatlive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы Омбыға келіп, Қазақстан мен Ресейдің XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің екіжақты кездесуі де жоспарланған.
Өңіраралық ынтымақтастық форумы Қазақстан мен Ресей аймақтары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға, сондай-ақ сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға арналған негізгі алаңдардың бірі.


