Қазақстанның екі қаласын тұман басты

Қазақстанның екі қаласын тұман басты, деп Sayasatlive.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

22 шілдеде Ақтөбе қаласында, сондай-ақ түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілді.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдайлар атмосфераның жер беті қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, бұл ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Мұндай кезеңдерде тұрғындарға, әсіресе тыныс алу органдары мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдарға, мүмкіндігінше ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады.

Ұқсас ақпараттар